ӘЛЕМ

Ресей, АҚШ және Украина келіссөздері 10 қарашада басталады

Владимир Путин үш елдің делегациялары БАӘ-де украин мәселесіне қатысты келіссөзді 10 қарашада бастайтынын мәлімдеді. Кездесулер Абу-Дабиде 10–11 қарашаға жоспарланған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Интерфакстің мәліметінше, Ресей атынан келіссөзге президенттің көмекшісі Владимир Мединский жетекшілік етеді. Делегация құрамына президенттің көмекшісі Юрий Ушаков, Сыртқы істер министрінің орынбасарлары Михаил Галузин мен Сергей Рябков, Бас штабтың Бас барлау басқармасының бастығы Игорь Костюков және Бас штабтың Бас жедел басқармасы бастығының орынбасары Юрий Жигарловский кіреді.

Украина делегациясына Рустем Умеров пен президент кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов қатысады. АҚШ делегациясын президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер бастап барады деп күтіледі.

Стив Уиткофф тараптар соғыстан кейінгі қауіпсіздік, шиеленісті бәсеңдету, гуманитарлық бастамалар және бейбітшілікке жетудің келесі қадамдарын талқылайтынын хабарлаған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61