ҚОҒАМ
Алматыда 14 жастағы Максим антибиотик егілгеннен кейін жағдайы күрт нашарлап, жеті күннен соң ауруханада қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Баланың ата-анасының айтуынша, лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымдары тамыздың басында пайда болған. Олар ұлын бірнеше медициналық мекемеге апарғанын, ал баласының антибиотиктер мен өзге де дәрілермен екі курс ем қабылдағанын айтады. 21 қазанда Максим Алматыдағы №37 қалалық емханаға барған. Анасының сөзінше, дәрігер антибиотик тағайындап, оны енгізер алдында сынама жасау керегін ескерткен. Екпеден кейін баланың жағдайы бірден нашарлаған.
Жасөспірімді кейін Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізіп, өкпені жасанды желдету аппаратына қосқан. Дәрігерлер жеті күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмады. Ата-анасы ауыр аллергиялық реакция болуы мүмкін деп санайды және емхана қызметкерлері шұғыл көмекті қаншалықты уақтылы көрсеткенін тексеруді сұрайды.
Отбасы дәрінің нақты мөлшері, медициналық рәсімнің орындалуы және құжаттардың толтырылуына қатысты сұрақтарды да тергеу кезінде анықтауды талап еткен. Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Азирбек бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және қажетті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Денсаулық сақтау басқармасы тексеруден кейін қосымша ақпарат беретінін мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61