Bugin
6 қарашада Алматыдағы “Жас сахна” театрында әйелдің қоғамдағы орны мен ішкі жан дүниесін бейнелейтін “She is Aiel” моноспектаклінің кезекті көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: the-steppe.com
Қойылымның идея авторы әрі жалғыз орындаушысы - театр және кино актрисасы, әнші Салтанат Бақаева. Режиссері - Мәскеудегі Борис Щукин атындағы театр институтының түлегі, режиссер Римас Туминастың шәкірті Гүлназ Балпейсова.
Спектакльде бір әйелдің өмірі арқылы қоғамдағы көпшілікке таныс мәселелер қозғалады. Кейіпкер ана, жар, сүйікті жан және отбасының барлық жауапкершілігін көтеретін мықты әйел болуға тырысады. Алайда уақыт өте келе осы міндеттердің арасында өзін жоғалтып алғанын түсінеді. Сахнада ол “Барлық рөлді алып тастағанда, мен кіммін?” деген сауалға жауап іздейді.
Қойылым әйелдің үнемі шыдауға, үндемеуге, айналасындағыларға ыңғайлы болуға міндетті емес екенін көрсетеді. Сондай-ақ көрерменді әйелдің өз қалауы, арманы мен еркіндігі туралы ойлануға шақырады.
“She is Aiel” soundrama жанрында қойылған. Сондықтан спектакльде актерлік ойынмен қатар музыка, дыбыс, қимыл мен үнсіздік те маңызды рөл атқарады. Сахнада жалғыз өнер көрсеткен Салтанат Бақаева кейіпкердің қуанышы мен күйзелісін, ашуы мен үмітін түрлі эмоция арқылы жеткізді.
Қойылымның музыкасын композитор Әсел Красникова жазған. Костюмдерді белгілі қазақстандық дизайнер Аида Кауменова әзірлесе, хореографиясына Салтанат Беймішева жауапты. Киім үлгілері де кейіпкердің ішкі өзгерісін көрсетуге бағытталған.
Спектакльдің тағы бір ерекшелігі - қойылымның ым-ишара тіліне аударылуы. Соның арқасында оны есту қабілеті төмен көрермен де тамашалай алады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61