ӘЛЕМ

Катар АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз жалғасып жатқанын мәлімдеді

Доха тараптардың соғысты тоқтату жөніндегі келісім әзірлеуді жалғастырып жатқанын хабарлады. Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның әуе қорғанысына жаңа соққылар жасалғанын айтқаннан кейін жасалды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Катар билігі 7 қарашада АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер үзілді деген ақпаратты жоққа шығарды. Катар премьер-министрі Мұхаммед бин Абдулрахман Әл Тани тараптар айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізгенін және Вашингтон Конгреске аралық сайлаудан кейін де шешім іздеуге дайын екенін айтты.

«Біз мінсіз келісімді күте алмаймыз. Жақсы келісімге қол жеткіземіз деп үміттенеміз», — деді Әл Тани. Бір күн бұрын Катар әмірі Тамим бин Хамад Әл Тани АҚШ президентімен араағайындық мәселесін талқылап, шиеленісті болдырмау, кеме қатынасының еркіндігін сақтау және энергия ресурстары жеткізілімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін диалогты жалғастыруға шақырған.

Дональд Трамп 6 қарашада АҚШ әскері Иранның әуе қорғанысына шектеулі соққылар жасағанын мәлімдеді. Иранның мемлекеттік БАҚ-тары Ормуз бұғазындағы Кешм аралындағы Суза маңында екі жарылыс болғанын хабарлады. Ол кезде келтірілген залал туралы ресми мәлімет жарияланбаған.

Катар Иранның ядролық бағдарламасына қатысты дауды реттеу бойынша ұсыныстарын Тегеран қарастырып жатыр. Ұсыныстардың бір нұсқасында АҚШ-тың Иран порттарына қойған блокадасын алып тастау және Иран активтерінің бір бөлігін бұғаттан шығару қарастырылған. Оның орнына халықаралық инспекторлар соққыдан зардап шеккен ядролық нысандарға кіре алады, ал Ормуз бұғазы уақытша шарттармен ашылуы мүмкін.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61