САЯСАТ
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон елшілік ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты. Кешен Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Рәсімде екі елдің президенттері лентаны бірге қиды. Одан кейін президенттік оркестр Қазақстан мен Тәжікстанның әнұрандарын орындады. Мемлекет басшыларына кешен туралы бейнеролик көрсетіліп, олар елшілікті аралап көрді.
Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды. Сапар соңында екі президент елшілік аумағына өсімдік отырғызды.
Жаңа кешеннің ашылуына дейін Ақордада Тоқаев пен Рахмон келіссөз жүргізіп, сауда, көлік және энергетика мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61