ӘЛЕМ

Парагвай президенті импичменттен кейін үйқамаққа алынды

Сенат Сантьяго Пеньяны қызметінен шеттетіп, вице-президент Педро Альянаны мемлекет басшысы ретінде ант қабылдатты. Елдегі саяси дағдарыс Ueno банкінің күйреуінен кейін өршіді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: BBC News Русская служба

Пеньяны жұма күні сенаторлар импичмент арқылы қызметінен алу туралы шешім шығарғаннан бірнеше минут өткен соң ұстады. Дауыс беруге оның партиясынан да өкілдер қатысқан: 45 сенатордың 44-і президентті қызметінен шеттетуді қолдады.

Сенат оның отставкаға кету туралы өтінішін қабылдамай, импичмент рәсімін жалғастырды. Заң шығарушылар шешіміне Пеньяның күйреген Ueno банкімен байланысына қатысты сұрақтарды негіз еткен. Президент айыптауларды жоққа шығарып, мәселе тек реттеу шараларына қатысты болғанын айтты.

Елдің орталық банкі апта басында қаржылық қиындыққа тап болған Ueno банкінің жұмысына араласқан. Банк шұғыл жабылып, миллиондаған клиент қаражатына қол жеткізе алмады. Прокуратура Пеньяға тағылуы мүмкін айыптар әлі нақтыланып жатқанын мәлімдеді. Ол сенбі күні таңертең прокуратураға келуге тиіс, ал судья оны одан әрі қайда ұстау керегін анықтағанға дейін үйқамақта қалады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61