САЯСАТ

Тоқаев Эмомали Рахмонды Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

Қазақстан Президенті награданы Тәжікстанның рухани-мәдени құндылықтарды сақтауға және екі ел арасындағы байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін табыстады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ пен тәжік халықтарын ғасырлар бойғы достық, рухани үндестік және ортақ тарихи тағдыр байланыстыратынын айтты. Ол Қожа Ахмет Ясауи мұрасын Орталық Азия халықтарына ортақ рухани қазына деп атап, ойшыл іліміндегі адамгершілік, әділет пен мейірім идеяларына тоқталды.

Тоқаев Эмомали Рахмонның Тәжікстанның мемлекеттілігі мен қоғамдық келісімін нығайтуға, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қосқан үлесін атап өтті. Рахмон жоғары мемлекеттік марапат үшін алғыс айтып, оны екі ел арасындағы өзара құрмет пен сенімнің белгісі деп бағалады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61