ӘЛЕМ
Полиция күдіктіні ұстады, ол атыс кезінде жараланған. Кейін оның Островец-Свентокшискидегі үйінен тағы үш адамның мәйіті табылды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Краковтың Бас базар алаңында болған атыстан алты адам қаза тауып, 16 адам жараланды. Қаза болғандардың төртеуі — әйел, екеуі — ер адам. Полиция күдіктіні ұстаған кезде ол жараланып, ауруханаға жеткізілді.
Польша Ішкі істер министрі Марцин Кервиньский күдіктінің әсіре оңшыл идеологияның ықпалында болуы мүмкін екенін айтты. Полиция мәліметінше, күдікті — Польша азаматы, жасы 25-те. Күдіктіні ұстау кезінде оқ атылып, екі полиция қызметкері жараланған.
Премьер-министр Дональд Туск күдіктінің Островец-Свентокшиски қаласындағы үйінен екі әйел мен бір ер адамның денесі табылғанын хабарлады. Оның айтуынша, қаза болғандар күдіктінің жақын туыстары болуы мүмкін. Үйді тексеру үшін қауіпсіздік мақсатында дрон қолданылған.
Полиция атысқа жалғыз күдікті қатысы бар деп есептейді. Оның көлігінен көп мөлшерде қару мен оқ-дәрі табылған. Полиция өкілі Катажина Цисло күдіктінің әскери үлгідегі қару пайдаланғанын мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61