ДАМУ

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексерудің жаңа шегі күшіне енді

8 қарашадан бастап үш айдағы аударымдардың жиынтық сомасы 1 557 000 теңгеден асса, салық органдары оны тексеруі мүмкін. Бұған қоса, әр айда кемінде 100 түрлі жіберушіден ақша түсуі керек.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Бұған дейін бақылау өлшемдерінің бірі үш айдағы түсімнің 12 ең төменгі жалақыдан асуы еді. 2026 жылы бұл сома 1 020 000 теңге болатын.

Қаржы министрінің бұйрығымен шек ең төменгі жалақыға емес, айлық есептік көрсеткішке байланды. Енді тексеруге негіз болуы мүмкін сома — үш айда 360 АЕК, яғни 2026 жылы 1 557 000 теңге. Бұл бұрынғы межеден 537 мың теңгеге жоғары.

Қалған талап өзгермеді: азаматқа қатарынан үш айдың әрқайсысында 100 немесе одан көп түрлі адамнан аударым түсуі қажет. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жаңа тәртіп 8 қарашада күшіне енгенімен, 2026 жылдың төртінші тоқсанына толық қолданылады. Сондықтан қазан-желтоқсандағы аударымдар осы жаңа шекпен бағаланады. Комитет мұны өлшемдердің азаматтардың жағдайын жақсартуына байланысты қабылданған шешім деп түсіндірді.

2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасында АЕК-ті 4 325 теңгеден 4 693 теңгеге дейін көтеру жоспарланған. Осы есеппен мобильді аударымдарға қатысты шек 1 689 480 теңгеге жетуі мүмкін.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61