ӘЛЕМ

Израиль президенті үкімет құруды Гади Айзенкотқа тапсырады

Ицхак Герцог оппозиция жетекшісіне жаңа үкімет жасақтау мандатын бермек. Айзенкотқа коалиция құру үшін 28 күн беріледі.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Израиль президенті Ицхак Герцог «Яшар» партиясының жетекшісі Гади Айзенкотқа үкімет құруды тапсыруға ниетті екенін 7 қарашада мәлімдеді. Ол Айзенкотты жексенбі күні резиденциясына шақырып, мандатты табыстауды жоспарлап отыр.

Айзенкотқа билеуші коалицияны жасақтау үшін 28 күн беріледі. Қажет болса, президент бұл мерзімді тағы 14 күнге ұзарта алады. Мандаттың берілуі саясаткердің Израильдің жаңа премьер-министрі болатынын автоматты түрде білдірмейді.

Парламент сайлауында ешбір блок көпшілік орынға ие болмаған. Айзенкот сайлауда премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың басты қарсыласы болды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61