САЯСАТ
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері екіжақты байланыстың негізгі бағыттары жөнінде келіссөз жүргізді. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге басымдық берілді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Қазақстан Президенті екі ел ынтымақтастығында проблема жоқ екенін, бірақ қарастырып, шешуді қажет ететін мәселелер бар екенін айтып, өзара тиімді жобалар мен бұған дейін жасалған келісімдерді іске асырудың маңызын атап өтті.
Тоқаевтың айтуынша, екі ел арасындағы жылдық сауда айналымы 1 миллиард доллардан асады. Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігінде. Рахмон биылғы тоғыз айда тауар айналымы 1 миллиард доллардан асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 26%-ға өскенін айтты. Тәжікстанда қазақстандық капитал қатысатын 130-дан астам кәсіпорын тіркелген, ал Қазақстанда тәжік тарапы қатысатын 580-нен астам кәсіпорын жұмыс істейді.
Келіссөзде сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік пен логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, өнеркәсіп және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық сөз болды. Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызын да атап өтті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61