ҚОҒАМ

Қазақстандағы кедейлік деңгейі 20 жылда төрт есеге жуық төмендеді

Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, ұлттық кедейлік шегінен төмен табысы бар тұрғындардың үлесі 2006 жылғы 18,2%-дан 2025 жылы 4,9%-ға дейін азайған. Негізгі себептердің бірі — еңбек табысының өсуі.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Осы кезеңде ұлттық кедейлік шегінен жоғары табыс табатын тұрғындардың үлесі 81,8%-дан 95,1%-ға дейін артты. Бұл мәліметтер Дүниежүзілік банктің қазан айындағы Poverty & Equity Brief есебінде келтірілген.

Халықаралық салыстыруда қолданылатын, сатып алу қабілетінің паритеті бойынша күніне 8,30 доллардан аз табыс табу өлшемімен есептегенде, кедейлік деңгейі 2006 жылғы 55,7%-дан 2024 жылы 13,8%-ға түскен. Көрсеткіш жылына орта есеппен шамамен 7,5%-ға азайған. Бұл өлшем ұлттық кедейлік шегінен өзгеше.

Еңбекақының өсуі елдің барлық өңірінде кедейліктің төмендеуіне ықпал еткен. Табыс теңсіздігін сипаттайтын Джини индексі 2024 жылы 30,2-ден 29 тармаққа дейін азайды. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан теңсіздігі төмен елдердің қатарына жатады.

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін, яғни 29,4%-ға көтеру жоспарланған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өзгеріс 1,8 миллионға жуық адамға, оның ішінде бюджеттік саладағы 370 мыңнан астам қызметкерге қатысты болады деп күтіледі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61