ӘЛЕМ

Эль-Ниньо күшейткен дауылдар Шығыс Азияға қауіп төндіріп тұр

Тынық мұхитындағы Эль-Ниньо құбылысы аймақтағы тайфундардың қуатын арттырып, бірнеше елде адам өліміне, су тасқынына және инфрақұрылымның бұзылуына әкелген.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: BBC News Русская служба

Тайвань, Жапония, Қытай және Филиппин маңында бірнеше ай бойы бірінен соң бірі күшті дауыл соқты. Тайфундар әуежайлар жұмысын тоқтатып, егінге зиян келтіріп, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды бүлдірді.

Жапония метеорологиялық агенттігі бақылайтын Тынық мұхитының экваторлық бөлігінде теңіз бетінің температурасы нормадан 4°C жоғары болды. Бұл — 1949 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейінгі рекорд 1997 жылғы желтоқсанда тіркеліп, температура нормадан 3,6°C-қа артқан.

Болжам бойынша, биыл Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азиядағы циклондардың жиынтық энергиясы соңғы 30 жылдағы орташа деңгейден екі есеге жуық жоғары болуы мүмкін. Эль-Ниньо дауылдардың әдеттегіден шығысырақ қалыптасуына әрі жылы суда ұзақ тұрып, күшеюіне ықпал етеді.

Филиппин климатологы Рафаэла Джейн Дельфино мен әріптестері жүргізген модельдеу температураның көтерілуі жойқын дауылдар кезіндегі жауын-шашынның жалпы көлемін 26%-ға арттырғанын көрсетті. Аймақтағы елдер тайфундарға дайындықты күшейтіп жатыр: Жапонияда тұрғындарға қажетті заттарды алдын ала жинау ұсынылса, Қытайда осал аудандарды анықтап, ескерту жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61