СПОРТ
Қазақстан құрамасы финалда Оңтүстік Кореяны буллиттер сериясында ұтып, Азия чемпионы атанды. Кездесудің негізгі уақыты мен овертаймында есеп ашылған жоқ.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Финалдың алғашқы екі кезеңінде командалар гол соға алмады. Қақпаға бағытталған соққылар саны бойынша Оңтүстік Корея 19:17 есебімен басым түсті.
Үшінші кезеңде қарсыластар қақпаға барлығы сегіз рет соққы жасады: Қазақстанда — бес, Кореяда — үш. Овертаймда да жеңімпаз анықталмай, ойын буллиттер сериясына ұласты.
Қазақстан құрамасынан Артур Гросс пен Евгений Рымарев көзге түсті, Рымарев екі рет дәл соққы жасады. Тоғыз буллиттен кейін Диас Гусейновтің соққысы жеңіс әкелді. Матч Қазақстанның пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.
Қазақстан құрамасы 2024 жылы Алматыда, ал өткен жылы Бейжіңде өткен турнирде де чемпион атанған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61