ҚОҒАМ
Шу қаласының 43 жастағы тұрғыны есірткіні 13 млн теңгеге өткізбек болған. Сатып алушы болып байланысқа шыққан адам ҰҚК қызметкері болып шықты.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Сотта ер адам марихуана салынған қаптарды Ақтөбе-Атырау тасжолының бойынан кездейсоқ тапқанын айтқан. Ол бастапқыда қылмыстық жауапкершіліктен қорқып, Ақтөбеге қайтып кеткенімен, келесі күні қаптарды алып, қаладағы автосервиске жеткізген.
Айыпталушы қарыздарын өтеу үшін ақша тапқысы келгенін және қылмысты жалғыз жасағанын мәлімдеді. Ол марихуананың әр келісін 130 мың теңгеден сатуға келіскен. Жалпы құны 13 млн теңге болатын есірткі партиясын көрсеткен кезде ұсталды.
Сот оны есірткі заттарын сақтау және өткізуге әрекет жасау бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61