СПОРТ

Қазақстанның төрт клубы 2027/28 жылғы еурокубоктарға қатысады

Қазақстан атынан келесі еурокубок маусымында төрт команда өнер көрсетеді. «Ордабасы» Чемпиондар лигасының іріктеуіне, ал «Қайрат», «Астана» мен «Оқжетпес» Конференция лигасының іріктеуіне қатысады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Қазақстан кубогының финалында «Ордабасы» қызылордалық «Қайсарды» 4:1 есебімен жеңді. Шымкент клубы бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанған еді. Осылайша команда алтын дубль жасап, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Алматының «Қайраты» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастайды. «Астана» мен «Оқжетпес» бірінші кезеңде ойнайды.

Көкшетаулық клуб чемпионатты 54 ұпаймен төртінші орында аяқтады. Оның еурокубокқа қатысуы кубок финалының нәтижесіне байланысты болды. «Ордабасы» Чемпиондар лигасына жолдама алғандықтан, бос орын Премьер-лиганың төртінші командасына берілді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61