ҚОҒАМ

Астана – Петропавл тасжолындағы апатта төрт күндік сәби жарақат алды

7 қарашада болған жол апатынан төрт күндік нәресте зардап шекті. Ақмола облысының полициясы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Апат Астана – Петропавл автожолының 312-шақырымында болған. Жол-көлік оқиғасына Volvo жүк көлігі, Hyundai Genesis және Lada Granta қатысқан.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Hyundai Genesis жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген. Дәрігерлер төрт күндік сәбидің өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, нәрестенің анасы перзентханадан үйіне қайтып келе жатқан. Полиция оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның қорытындысында процестік шешім қабылданады.

Бейресми мәліметте апаттан тағы бір кәмелетке толмаған бала және үш ересек адам зардап шеккені айтылған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61