ТЕХНОЛОГИЯ
Ұлттық банк байланыс операторларымен және банктермен бірлесіп «Телеком Антифрод» жүйесін іске қоспақ. Ол күмәнді қоңыраулар туралы банкке клиент ақша аудармас бұрын хабарлауға тиіс.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Ұлттық банк төрағасының цифрландыруға жауапты орынбасары Бинұр Жәленовтің айтуынша, алаяқтар мессенджерлердегі жақындарының аккаунтын бұзып, олардың дауысын салуы мүмкін. Сондай-ақ жалған жұмыс сұхбаты арқылы бөгде қосымшаларды орнатуды ұсынып, қолданушыларды жалған сайттарға апаратын QR-кодтар жібереді.
Жүйе қоңыраулардың техникалық деректерін талдап, алаяқтық белгілері бар жаппай қоңырауларды анықтайды да, банкке белгі береді. Мақсат — клиент ақша аудармай тұрып әрекет етуге үлгеру.
Жәленовтің мәліметінше, 2026 жылдың тоғыз айында тіркелген интернет-алаяқтық жағдайларының саны 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,4 пайызға азайған. Бұл — 2020 жылдан бергі алғашқы төмендеу.
Алты миллионнан астам қазақстандық несие алуға ерікті түрде тыйым салған. Ірі онлайн қарыз рәсімдегенде ақша сомасына қарай 8 немесе 24 сағаттан кейін түседі, осы уақыт ішінде өтінімді кері қайтаруға болады. Антифрод-орталықтың көмегімен шамамен 132 миллиард теңгенің алаяқтық операцияларының жолы кесілген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61