ҚОҒАМ

Ташкентте ауруханаға түскен 16 қазақстандық бала елге оралды

Балалар футбол турнирі кезінде тамақтан уланып, Өзбекстанда ем алған. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, денсаулығына ұзақ мерзімді зиян келмеген.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсеновтің айтуынша, Ташкенттегі балалар футбол турнирінде тамақтан уланған қазақстандықтардың барлығы елге оралды. Оларға Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қажетті ем көрсетілген.

Үсенов балалардың денсаулығына ұзақ мерзімді зиян келмегенін айтты. Улану дерегін Өзбекстанның құқық қорғау органдары тергеп жатыр. Оның сөзінше, басқа елдің тергеуіне Қазақстан тарапы қатыса алмайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61