ӘЛЕМ

Трамп Украинаның шекарасы «өзгеше болуы мүмкін» деген ишара жасады

АҚШ президенті Украинадағы соғыс жақын арада аяқталады деп санайтынын айтты. Оның сөзінше, соғыстан кейін Украинаның аумағы «өзгеше болуы» мүмкін.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Дональд Трамп CBS News арнасының журналисі Росс Даутхатқа берген сұхбатында Украинадағы соғысты реттеу мәселесін қозғады. Ол бұл соғыс бұрынғы президент Джо Байденнен «мұраға қалғанын» айтып, өзінің президенттігі кезінде соғыс басталмас еді деп мәлімдеді.

«Бұл соғыс аяқталады деп сенемін, әрі ол жақын арада аяқталады. Оның аяқталуының жалғыз себебі — мен. Президент Путин мен президент Зеленскийдің арасында үлкен өшпенділік бар», — деді Трамп. Ол сондай-ақ: «Менің ойымша, біз мұны іске асырамыз. Ақырында Украинаның аумағы сәл өзгеше болады», — деп қосты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61