ӘЛЕМ

Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ өкілдері келіссөз өткізеді

10–11 қарашада өтетін кездесуде қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Еуропа елдері де Әмірліктерге өкілдерін жібереді, бірақ үшжақты келіссөзге қатыспайды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: BBC News Русская служба

АҚШ тарапынан Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен оның күйеу баласы Джаред Кушнер келіссөз жүргізеді. Украина делегациясын Сыртқы барлау қызметінің басшысы Рустем Умеров бастап барады. Ресей делегациясын президент көмекшісі Владимир Мединский басқарады.

Кездесудің негізгі тақырыптарының қатарында Ресей мен Украинаға қатысты қауіпсіздік кепілдіктері және Еуропадағы қауіпсіздіктің жаңа құрылымы бар. Кушнер сонымен бірге Украинадағы экономикалық дамудың келешегі мен гуманитарлық шаралар талқыланатынын айтты.

Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін Киев үшін ұрыс қимылдарын уақытша тоқтату мүмкіндігі, энергетикалық бітім, Қара теңіздегі шиеленісті бәсеңдету, гуманитарлық алмасу және көшбасшылар деңгейіндегі кездесуді ұйымдастыру маңызды екенін айтқан. Кейін ол Украинаға арналған қауіпсіздік кепілдіктерін талқылауға дайын екенін нақтылады.

Еуропа елдері кездесуге тікелей қатыспайды. Алайда Ұлыбритания, Германия, Франция және Италиядан өкілдер Абу-Дабиге барады. НАТО, Еуропалық комиссия және Еуропалық кеңес те өз өкілдерін жібереді. Украина делегациясының басшысы Умеров еуропалық серіктестермен бөлек үйлестіру кездесулері өтетінін мәлімдеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61