ӘЛЕМ
Измир провинциясындағы HABAŞ зауытында болған жарылыстан тағы 13 жұмысшы зардап шекті. Апатқа қатысты тергеу басталды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Оқиға 9 қарашада түске таман Измир провинциясының Алиага ауданында болған. Жарылыстан кейін зауыт аумағында өрт шықты. Оқиға орнына құтқарушылар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері жетті.
Алдын ала мәлімет бойынша, апат жөндеу жұмыстары кезінде болған. Көпірлі кран құлап, оның бөліктері электр доғалы пешке түскен және газ құбырын зақымдаған. Салдарынан жарылыс болып, кейін өрт тұтанған. Зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр.
Измир губернаторы Сүлейман Элбанның айтуынша, апат кезінде техникалық жұмыстарға байланысты өндіріс тоқтап тұрған. Зауыт аумағында шамамен 200 адам болған, ал әдетте кәсіпорында 300-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Өрт сөндіріліп, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 16 адамның қаза тапқанын растап, сот және әкімшілік тергеу басталғанын мәлімдеді. Түркиялық БАҚ тергеу аясында бес адам ұсталғанын жазды. Құқық қорғау органдары апаттың себептерін және өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының бұзылған-бұзылмағанын анықтауы керек.
HABAŞ — Түркиядағы ірі болат өндірушілердің бірі. Компанияның жылдық өндірістік қуаты шамамен 4,5 миллион тонна болатқа жетеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61