САЯСАТ
Президент Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X құрылтайында ұйымды мемлекеттік тілдің тұғырын бекемдеуге үлес қосып жүрген маңызды құрылым деп атады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам мүшелеріне атқарып жатқан жұмысы үшін ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, ұйым мүшелері түрлі іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асырып келеді.
Президент «Қазақ тілі» қоғамының негізі 1989 жылы қаланғанын атап өтті. Ұйым академиктер Әбдуәли Қайдар мен Өмірзақ Айтбайұлының бастамасымен құрылған, ал оның жолын қазіргі буын мен тіл мамандары жалғастырып жатыр.
Тоқаев қазақ тілінің мәртебесін көтеру баршаға ортақ міндет екенін айтты. Ол тілдің адамзат дамуы үшін маңызы зор екенін айтып, ана тілінің абырой-беделін арттыруға ел болып табанды жұмыс істеуге шақырды.
Мемлекет басшысы құрылтайда ана тілі мәселесінің мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып екенін де атап өтті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61