ҚОҒАМ
Қаракемер ауылындағы оқушылардан ақша бопсалау және үш жасөспірімді өзіне қол жұмсауға жеткізу деректері бойынша тергеу аяқталды. Іс 2026 жылғы 23 қазанда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Тергеу барысында Қордай ауданының Қаракемер ауылындағы мектеп оқушылары арасында «Система» деп аталатын бейресми құрылым болғаны анықталды. Оның белгілі бір иерархиясы, мінез-құлық пен бағыну ережелері, сондай-ақ жаза қолдану тәртібі болған.
Жиналған дәлелдер бопсалау деректері мен үш кәмелетке толмағанның қаза болуы арасында себеп-салдарлық байланыс барын көрсетеді. Екі күдіктіге Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігінің 1, 2, 3-тармақтары және 105-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылып, олар қамауға алынды.
Тағы бес күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігінің 1, 2, 3-тармақтары бойынша сараланды. Оларға қатысты өзге бұлтартпау шаралары қолданылды. Бейресми құрылымның қызметі тоқтатылды.
Прокурорлар құзырлы органдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріп, құқық бұзушылыққа себеп болған жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізді. Олар қазір қаралып жатыр. Күдіктілердің кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен анықталады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61