ӘЛЕМ
Еуропалық одақтың Украина әскери қызметшілерін даярлау миссиясына осы кезеңде 300 миллион еуроға жуық қаржы бөлінеді. Миссияның Украина аумағында өкілдігі ашылады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Еуропалық одақ кеңесі EUMAM әскери көмек миссиясының мандатын екі жылға ұзарту туралы шешім қабылдады. Шешім миссия жұмысына жүргізілген стратегиялық талдаудан кейін қабылданған.
Миссия өкілдігі Украина аумағында жұмыс істеп, украиналық әскери құрылымдармен, Украина Қарулы күштерімен және халықаралық серіктестермен тікелей үйлестіру жүргізеді. ЕО бұл қадам даярлық бағдарламаларын Украина Қарулы күштерінің қажеттілігіне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді деп санайды.
Даярлық барысында ұрыс қимылдарының тәжірибесін зерделеп, оны ескеру және Украинаның қорғаныс міндеттерін қолдау үшін әскери дайындық жүйесін нығайтуға басымдық беріледі. Миссия құрылған 2022 жылғы қазаннан бері Украинаның өтініші бойынша 100 мыңнан астам әскери қызметші даярлықтан өтті. Даярлық Украина Қарулы күштеріне летальды және летальды емес мақсаттағы жабдықтар берумен қатар жүргізіледі.
Миссияға осы екі жылға 300 миллион еуроға жуық қаражат бөлінеді. Қаржыландыру Еуропалық бейбітшілік қоры арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61