ДАМУ
Компания 2026 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 3,31 трлн теңге кіріс тапты. Маркетплейс пен финтех бағытының кірісі артқанымен, таза пайда былтырғы деңгейге жуық болды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Kaspi.kz-тің үшінші тоқсандағы кірісі бір жылда шамамен 1%-ға өсіп, 1,12 трлн теңгеге жетті. Валюта бағамының ықпалын есептемегенде өсім 18% болды. Тоқсандық таза пайда 1,1%-ға артып, 281 млрд теңгені құрады, ал тоғыз айдағы көрсеткіш 0,1%-ға ғана өсіп, 791,8 млрд теңгеге жетті.
Шілде-қыркүйекте финтех бағытының кірісі 19%-ға өсіп, 489 млрд теңге болды. Орташа таза несие портфелі 14%-ға ұлғайып, 7,5 трлн теңгеге жетті. Алайда депозиттер бойынша тоқсандық пайыздық шығын 246 млрд теңгеден 303,8 млрд теңгеге өсті. Компаниядағы депозиттердің көлемі 21%-ға артып, 8,3 трлн теңге болды, ал орташа мөлшерлеме 13,4%-дан 14,9%-ға көтерілді.
Маркетплейс бағытының кірісі тұрақты валюта бағамымен есептегенде 20%-ға өсіп, 466 млрд теңге болды. Тоғыз айда электронды саудадағы тапсырыс саны 29%-ға көбейіп, 231,1 млн-ға жетті. Ал үшінші тоқсанда маркетплейстегі жалпы сату көлемі 8%-ға өсіп, 2,2 трлн теңгені құрады. Компанияның төлем сервистері арқылы тоғыз айда 37,6 трлн теңге өткен — бұл былтырғыдан 14%-ға көп.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61