ҚОҒАМ

Алматыдағы су сынамасынан көк ірің таяқшасы табылғаны айтылды

Ұлттық тұтынушылар лигасының басшысы Светлана Романовская зертханада су сынамасынан көк ірің таяқшасы анықталғанын мәлімдеді. «Алматы Су» тексерілген көрсеткіштер бойынша ауытқу болмағанын айтып, қосымша зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Романовскаяның айтуынша, тұтынушы үйіне құбыр суын тазартатын сүзгі орнатып, одан өткен суды аккредиттелген зертханаға тапсырған. Зерттеу қорытындысында микроорганизм кәдімгі және сілтілі су сынамаларынан табылған.

«Алматы Су» мамандары Әуезов көшесі, 64/4 мекенжайындағы тұрғынның өтініші бойынша су сынамаларын алып, зерттеген. Кәсіпорынның мәліметінше, тексерілген физикалық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерден нормативтен ауытқу анықталмаған. Компания келтірілген хаттамаларда микроорганизмді анықтау әдістемесі көрсетілмегенін және оның орталықтандырылған ауызсуға арналған нормаланатын микробиологиялық көрсеткіштер тізіміне кірмейтінін атап өтті. Сондықтан бұл құжаттар микроорганизмнің қалалық су құбырында барын немесе судың гигиеналық талаптарға сай еместігін анықтауға жеткіліксіз.

Кәсіпорын аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органымен бірге қаланың тарату желісінен және үй ішіндегі су алу нүктелерінен сынама алуды жоспарлап отыр. Үлгілерді осы микроорганизмді су құрамынан анықтауға аккредиттелген зертханаға жіберу жоспарланып отыр. Ал Романовская оны тексерілетін көрсеткіштер тізіміне енгізуді талап етпек.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61