ДАМУ
2026 жылдың басында жеңілдетілген ипотеканың үлесі барлық ипотекалық қарыздың 73 пайызына жетті. Сұраныс ұсыныстан жылдам өссе, бұл тұрғын үй бағасына әсер етуі мүмкін.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Halyk Finance талдауында 2025 жылы ипотекалық кредиттеудің өсімі негізінен мемлекет қолдайтын жеңілдетілген және субсидияланатын бағдарламалар есебінен болғаны көрсетілген. Жеңілдетілген ипотека беру 26,2 пайызға артса, нарықтық шарттармен берілген ипотекалық қарыз 1,4 пайызға азайған.
2025 жылы берілген жаңа ипотеканың шамамен 71 пайызы жеңілдетілген сегментке тиесілі болды. Жыл соңында елдегі ипотекалық қарыздардың орташа өлшенген мөлшерлемесі 10,5 пайызды құрады. Бұл базалық мөлшерлемеден 7,5 пайыздық тармаққа төмен.
Талдауда жеңілдетілген мөлшерлемелер қарыз алудың құнын төмендетіп, баспана сатып алуға мүмкіндігі бар адамдар санын және сатып алуға бөлінетін бюджетті арттыратыны айтылған. Ал тұрғын үй ұсынысы сұраныс сияқты жылдам өспейді. Соның салдарынан жеңілдетілген бағдарламалар қолдайтын сұраныс бағаның көтерілуіне ықпал етуі мүмкін.
2025 жылы банктер 2,36 трлн теңгеге ипотекалық қарыз берді. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 16,7 пайызға көп. Ипотека банк кредиттері портфелінің 17,9 пайызын, жеке тұлғаларға берілген кредиттердің 29 пайызын құрады.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының дерегінше, 2026 жылдың бірінші жартысында жаңа ипотекалық қарыздардың орташа өлшенген мөлшерлемесі шамамен 10 пайыз болған. Осы кезеңде нарықтық ипотеканың жаңа қарыздардағы үлесі 26,2 пайыздан 14,3 пайызға дейін төмендеген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61