ӘЛЕМ
Ресейдің кемінде жеті өңіріндегі компания жанармай бекеттерінде бензин мен дизель сатуға лимит қойылды. Шектеулер мұнай өңдеу зауыттарына жасалған жаңа шабуылдардан кейін енгізілген.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Лимиттер Карелияда, Бурятияда, Архангельск, Новосібір және Пенза облыстарында, сондай-ақ Краснояр және Забайкалье өлкелерінде қолданылады. Аймақ биліктері бұл туралы демалыс күндері және дүйсенбі күні таңертең хабарлаған.
Забайкалье өлкесінің Экономикалық даму министрлігі «Роснефть» елдің барлық өңірінде шектеу енгізгенін мәлімдеді: қалада 30 литр, тасжол бойында 50 литр. Алайда компанияның ресми сайтында бұл жөнінде хабарлама жоқ, ал байланыс орталығы мұндай ақпараттан хабарсыз екенін айтқан. Забайкальеде жанармайды канистрге құйып сатпайды, ал өңірдегі лимит — 50 литр.
Өлке билігінің дерегінше, қордағы жанармайды қосқанда аймақта 26 мың тоннадан астам отын қалған. Бұл шамамен бір айға жетуі керек. Өңірге қосымша 10 мың тонна жанармай жөнелтіліп жатыр, оның 6 мың тоннадан астамы — АИ-92 және АИ-95 бензині. Карелия басшысы Артур Парфенчиков те жексенбіде осындай лимит енгізілгенін хабарлады.
Шектеулер мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдар қайта күшейген тұста енгізілді. Соңғы бір жарым аптада «Роснефтьке» қатысы бар төрт кәсіпорынға соққы жасалған: 30 қазанда Самара облысындағы Новокуйбышев мұнай өңдеу зауыты, 31 қазанда Уфадағы «Башнефть-Новойл», 3 қарашада Ярославльдегі «Славнефть-ЯНОС» және 5 қарашада Рязань мұнай өңдеу зауыты шабуылға ұшырады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61