Bugin

Дәрігерлердің көлігіне арнайы белгі енгізу ұсынылды: «Әділет» партиясы Алматыда медицина мәселелерін талқылады

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Қалалық кардиологиялық орталықтың ұжымымен кездесті. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныс айтылды.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Кездесуге Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Алмалы аудандық сайлауалды штабының мүшелері және кардиологиялық орталықтың қызметкерлері қатысты.

Басқосуда медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, мамандандырылған көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері сөз болды. Әсіресе Қалалық кардиологиялық орталықтың жаңа корпусын салу, емдеу және диагностикалық үдерістердің тиімділігін арттыру қажеттігіне назар аударылды.

Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің кәсіби құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау және қоғамда дәрігер мамандығына деген құрметті арттыру мәселелері көтерілді. Қатысушылар ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды күшейтіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы медицина мамандарының еңбегін кеңінен насихаттау қажеттігін атап өтті.

«Медициналық көмектің сапасы тек мекемелердің заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ғана емес, дәрігерлердің күнделікті еңбек ететін жағдайына да тікелей байланысты. Әрбір дер кезінде қойылған диагноздың, сәтті жасалған операцияның және құтқарылған өмірдің артында медицина мамандарының орасан зор еңбегі жатыр. Сондықтан олардың кәсіби құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамда дәрігер мамандығына деген құрметті нығайту денсаулық сақтау жүйесін кешенді дамытудың ажырамас бөлігі болуы тиіс», – деді «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Ермағамбет Қуатбаев.

Кездесу барысында ерекше назар аудартқан ұсыныстардың бірі – тар бейінді дәрігерлердің жеке автокөліктеріне арнайы айырым белгілерін енгізу бастамасы болды. Қатысушылардың пікірінше, бұл дәрігерлердің кәсіби міндеттерін орындауын, әсіресе шұғыл шақырту кезінде науқасқа уақытылы жетуін жеңілдетуі мүмкін.

Осыған байланысты АҚШ-та қолданылатын MD (Medical Doctor) белгісінің тәжірибесін зерделеу ұсынылды. Сондай-ақ мұндай жүйені Алматыда енгізу мүмкіндігі қолданыстағы заңнама мен қалалық автотұрақ инфрақұрылымының ерекшеліктерін ескере отырып қарастырылуы мүмкін.

Медицина қауымдастығы өкілдері ұсынған бастамалар әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, медициналық қызмет сапасын жақсарту және медицина қызметкерлерінің кәсіби құқықтарын қорғау бағытындағы партияның сайлауалды бағдарламасы аясында қарастырылды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61