ҚОҒАМ
Эколог Асель Тасмагамбетованың айтуынша, климаттық сценарийлердің бірі жүзеге асса, Қазақстанға тиесілі Солтүстік Каспийдің кей тұсы құрғап, кеме қатынасына жарамсыз болуы ықтимал.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Экологтың сөзінше, 2050 жылға қарай теңіз деңгейі тағы 3-4 метрге төмендеуі мүмкін, ал 2100 жылға қарай одан әрі құлдырайды. Қазір Каспий деңгейі шамамен минус 29,42 метр, Қазақстан үшін маңызды Солтүстік бөлігінің тереңдігі 4-5 метр шамасында.
Тасмағамбетова Қазгидрометтің климаттық сценарийлері мен еуропалық ғалымдар тобының есептеріне сүйеніп, Солтүстік Каспийдің Қазақстанға тиесілі бөлігі теңіздің қалған аумағынан бөлініп қалуы мүмкін екенін айтты. Оның болжамынша, өңірдің кеме қатынасына жарамсыз болуы, кей жерлерде теңіз табанының ашылуы ықтимал. Эколог қазірдің өзінде жаңа аралдар пайда болып жатқанын атап өтті.
Тасмағамбетова Солтүстік Каспийде қыста мұз үстінде көбейетін каспий итбалығының тіршілік ортасына қауіп төнетінін айтты. CAIER институты Қозыбаев атындағы университетпен бірге итбалық геномын зерттеп жатыр. Зерттеу оның өзгерген ортаға бейімделу мүмкіндігін анықтауға бағытталған, алайда эколог мұндай бейімделу ықтималдығы аз екенін жеткізді.
Экологтың бағалауынша, теңіздің тартылуы Атырау, Ақтау және Астраханьға, әсіресе мұнай өндіруге әсер етеді. Компаниялар теңіз түбін тереңдетіп жатқанымен, бұл шаралар теңіз деңгейінің төмендеуін тоқтатпайды. Тасмағамбетова мұндай жұмыстар өндіріске төрт-бес жыл немесе одан да аз уақыт ұтуға мүмкіндік беріп, флора мен фаунаға зор зиян келтіретінін айтты.
Ол климаттық сценарийлерді стратегиялық құжаттар мен түрлі шешімдерге енгізіп, бейімделу шараларын алдын ала әзірлеу қажет деп санайды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61