ӘЛЕМ
Ямбол қаласы маңындағы «Фракия» тасжолында болған ірі жол апатынан 46 адам жараланды. Алдын ала мәлімет бойынша, соқтығыстарға қою тұман мен жолдың дымқылдығы әсер еткен.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
София мен Бургас қалаларын жалғайтын тасжолдағы апат 10 қараша, сейсенбі күні таңертең болған. Жергілікті билік оқиға шамамен сағат 07:00-де тіркелгенін хабарлады. Қозғалыс екі бағытта да толық тоқтатылды.
Болгарияның денсаулық сақтау министрі Катя Ивкова 10 адам оқиға орнында, тағы екеуі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмғанын айтты. Ямбол облысының губернаторы Георги Чалаков болған жағдайды өңір үшін «бұрын-соңды болмаған қайғылы оқиға» деп атады.
Полицияның алдын ала болжамынша, қою тұман салдарынан көріну қашықтығының күрт төмендеуі, жолдың дымқыл болуы және ауа райына сай таңдалмаған жылдамдық бірнеше көліктің соқтығысуына себеп болуы мүмкін. Болгария премьер-министрі Румен Радев жоспарланған шараларының бір бөлігін тоқтатып, оқиға орнына барды. Болгарияда жұмыс сапарымен жүрген Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің сапар бағдарламасына да өзгеріс енгізілді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61