Bugin

Алматыда қазақстандық PR саласының үздік тәжірибелері жинақталған кітап таныстырылады

13 қарашада Алматыда Қазақстандағы PR мамандарының алғашқы кәсіби қауымдастығы – PR-shy клубының 25 жылдығына орай «PR шешім ұсынады. Қазақстандық үздік PR-кейстер жинағы» кітабының тұсаукесері өтеді.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Жаңа басылымға отандық мамандар жүзеге асырған 19 нақты коммуникациялық жоба енгізілген. Олардың қатарында «ҚазМұнайГаз» компаниясының халықтық IPO жобасын ақпараттық сүйемелдеу, Алматы метрополитеніне деген қоғамдық сенімді арттыру, жалған ақпаратпен күресу және Ауғанстандағы террористік қауіп жағдайында коммуникациялық жұмыс жүргізу тәжірибелері бар.

Кітап авторлары PR саласының тек брендті таныту мен жарнама жасаудан тұрмайтынын көрсетеді. Жинақта компаниялардың дағдарысты жағдайдан шығу жолдары, қоғам сенімін қалыптастыру және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобалар қамтылған. Сонымен қатар мамандар өз тәжірибесінде кездескен қиындықтар мен нақты нәтижелерге қалай қол жеткізгенін баяндайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы 25 жылда Қазақстандағы PR саласы айтарлықтай өзгеріп, бизнес пен қоғам арасындағы маңызды мәселелерді шешуге ықпал ететін стратегиялық бағытқа айналған. Жаңа кітап осы өзгерістерді нақты жобалар арқылы таныстыруды мақсат етеді.

Тұсаукесерге PR мамандары, кітап авторлары мен жоба серіктестері қатысады. Кездесу барысында коммуникация саласының өзекті мәселелері талқыланып, журналистерге сарапшылармен пікір алмасуға мүмкіндік беріледі.

Іс-шара туралы:

  • Күні: 13 қараша 2026 жыл
  • Уақыты: 19:00
  • Өтетін орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 58, «Меломан» дүкені

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61