БІЛІМ
Жоғары аудиторлық палата ғылым саласына бөлінген қаражаттың пайдаланылуын тексеріп, қаржылық заңбұзушылықтар мен тиімсіз шығындарды анықтады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Құрылтайда ғылым саласына жүргізілген аудиттің қорытындысын таныстырды. Тексеру нәтижесінде 51 млрд теңгеге қаржылық заңбұзушылық, 47 млрд теңгеге қаражатты жоспарлау мен пайдаланудағы тиімсіздік анықталған. Сондай-ақ 16 млрд теңге көлемінде шығын мен алынбай қалған пайда тіркелген.
Аудиторлар ғылымды қаржыландыру 2022-2025 жылдары 122 млрд теңгеден 262 млрд теңгеге дейін өскенін, ал оның ішіндегі бюджеттің үлесі 55 пайыздан 82 пайызға артқанын хабарлады. Сол кезеңде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың үлесі 13 пайыздан 5 пайызға дейін төмендеген. 176 жоба бойынша 16 млрд теңгеге түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.
2025 жылғы конкурстар 208 күнге дейін кеш жарияланып, жобалардың материалдарын ұлттық ғылыми кеңестерге өткізу 93 жұмыс күніне дейін созылған. Кеңестердің 225 мүшесінің 84-і 127 жобаның зерттеу топтарына кірген, ал 27-сі жобаларға ғылыми жетекшілік еткен. Бұл мүдделер қақтығысы қаупін туғызады. Коммерцияландыруға арналған аяқталған 141 жобаның 38-і ғана соңғы үш жылда тұрақты сатылымға қол жеткізген.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жер қойнауын пайдаланушылар аударуға тиіс қаражат бойынша 147 келісімшартта шамамен 9 млрд теңге берешек анықталды. Оның 3 млрд теңгесі талап қою мерзімінің өтуіне байланысты бюджетке түспейді. Аудит қорытындысы бойынша 36 дерекке қатысты материалдар әкімшілік іс жүргізу үшін уәкілетті органдарға, тағы үш дерек бойынша құқық қорғау органдарына жіберілді. Палата Үкіметке бес ұсыным беріп, аудит нысандарына 66 тапсырма жолдады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61