ӘЛЕМ
Үшжақты кездесу жабық форматта төрт жарым сағатқа созылды. Тараптар қауіпсіздік кепілдіктерін талқылағанымен, атысты тоқтату мәселесіне қатысты ұстанымдары әртүрлі.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Ресей, Украина және АҚШ өкілдері ақпаннан бері алғаш рет бір үстелге отырып, келіссөзді қайта бастады. Кездесудің алғашқы күні төрт жарым сағатқа созылды, екінші кезеңі 11 қараша, сәрсенбіге жоспарланған.
Талқылауда Украина мен Еуропаның қауіпсіздік кепілдіктері, сондай-ақ Ресейдің қауіпсіздік жөніндегі талаптары қаралды. Украина тарапының ұстанымы бойынша, жаңа қауіпсіздік құрылымын талқылауға көшпес бұрын соғысты тоқтату қажет. Мәскеу болса, одан кейінгі жағдай айқын болмайынша атысты тоқтату туралы келісуге дайын емес екенін мәлімдеді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келіссөздің алғашқы күнін «өте нәтижелі» деп бағалады. Украина президенті Владимир Зеленский де бірінші кезеңді «сындарлы әрі жеткілікті мазмұнды» деп атады. Ресей делегациясының жетекшісі Владимир Мединский құрамның кеңейгенін айтып, делегацияны «кәсібирек» деп сипаттады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61