ҚОҒАМ
Аблайхан Ержанұлының өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, 13 жастағы жасөспірім арнайы мектеп-интернатқа бір жылға жіберілген. Марқұмның туыстары бұл шараны жеткіліксіз деп санайды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Оқиға 2026 жылғы маусымда Алматыдағы әскери жатақханада болған. Марқұмның анасының айтуынша, жасөспірімдер арасындағы жанжалға екеуіне де ұнаған қыз себеп болған.
Қайғылы күні 13 жастағы оқушы Аблайханды сөйлесуге шақырып, кездескенде оған пышақпен шабуыл жасаған. Алған жарақатынан 12 жастағы бала көз жұмды. Бастапқыда оған пышақпен тоғыз рет соққы жасалғаны айтылса, туыстары сот-медициналық сараптама 16 жарақатты анықтағанын мәлімдеді.
Аблайханның анасы Замира Бадалова шабуыл алдын ала жоспарланған деп есептейді. Ол іске қатысы бар адамдардың барлығы жауапқа тартылуын талап етіп, ұлын өлтірген жасөспірімді бір жылға арнайы мекемеге жіберу туралы шешіммен келіспейтінін айтты.
Шабуыл жасаған бала оқиға кезінде 13 жаста болғандықтан, оны қылмыстық жауапкершілікке тартқан жоқ. Іс тоқтатылып, жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек сот шешімімен жасөспірім ерекше ұстау режимі бар арнайы мектеп-интернатқа орналастырылғанын айтты. Ол профилактикалық есепке қойылып, мінез-құлқы полицияның тұрақты бақылауында болады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61