Bugin
15–20 қараша аралығында Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «ALMATY THEATRE FEST» республикалық театр фестивалі ұйымдастырылады. Алғаш рет өткізіліп отырған шара театрдың 10 жылдық мерейтойына арналған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Фестивальдің мақсаты – қазақстандық театр өнеріндегі жаңа бағыттарды саралап, режиссерлік, актерлік және сценографиялық ізденістерді талқылау, сондай-ақ театр ұжымдары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту.
15 қараша күні сағат 15:00-де БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді. Оған Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Мақсат Қапалбайұлы, театртанушы Бақыт Нұрпейіс және театр сыншысы Анар Еркебай қатысады. Ал сағат 16:00-де фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі басталады.
Алты күн ішінде көрермен назарына сарапшылар іріктеген кәсіби театрлардың 10 қойылымы ұсынылады. Олардың қатарында мемлекеттік театрлармен бірге тәуелсіз өнер ұжымдары да бар.
Фестивальдің ерекшелігі – байқау форматында өтпейді және жүлделі орындар қарастырылмаған. Ұйымдастырушылар басты назарды бәсекеге емес, спектакльдердің көркемдік құндылығы мен мазмұнына аударуды көздейді.
Әр қойылымнан кейін театртанушылар мен сала мамандарының қатысуымен кәсіби талқылаулар өтеді. Бұл шығармашылық ұжымдарға сарапшылармен пікір алмасуға, ал көрермендерге қойылымдардың ерекшелігін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, фестиваль аясындағы барлық спектакльге кіру тегін. Алайда көрермен орындарының саны шектеулі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61