ӘЛЕМ

Оңтүстік Кореяда автобус 32 көлікпен соқтығысып, 48 адам жараланды

Соннам қаласында таңғы қарбалас уақытта автобус жолдағы көліктерге соғылды. Зардап шеккендердің алтауы ауыр жарақат алған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Оңтүстік Кореяның Соннам қаласында автобус төрт автобуспен, жүк көлігімен және 27 жеңіл көлікпен соқтығысып, жол қоршауына барып тоқтаған. Апат таңғы сағат 7:34-те болған.

Оқиға салдарынан 48 адам жарақат алды, олардың алтауының жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция мәліметінше, шамамен 60 жастағы жүргізуші мас болмаған. Оның айтуынша, автобустың тежегіші істен шыққан. Апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61