Саясат

Жеті кандидаттың бірі үгіт-насихатты түнгі клубтан бастады

Сайлау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кезектен тыс президент сайлауының жеті кандидатының бірі – Сәдібек Түгел аталмыш науқанды түнгі клубтан бастауды жөн санапты.

Ұлттың болашағы жастардың қолында екенін, жастардың санасының азат әрі сау болуын ұран етіп жүрген үміткер түнгі клубтарға арнайы барып, жастарға ақылын айтқан.

Оның айтуынша, ел болашағы жарқын болуы үшін жастардың мұндай орындарда жүргені әсте дұрыс емес. Олардың тәртібін түзеу үшін түнгі клубтарды біржола жабу қажет.


"Біз – таза ұлтпыз. Біздің жастар ішімдікті қымызға ауыстырып, қыздарымыз етегін ұзартуы тиіс", - дейді Сәдібек Түгел.

Түнгі клубқа арнайы келген үміткер жастардың бұл жүрісінің қазақстандық қоғамға кері әсер ететінін айтты.

Қамшы ақпарат 


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61