ӘЛЕМ
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті елдің 26 провинциясының сегізіне тарады. Науқастардың жартысына жуығы қайтыс болған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Індет мамыр айының ортасында басталған. Мамандар вирустың жылдам таралуына ауруды анықтаудың кешігуі мен ауруханалардың шамадан тыс жүктелуі себеп болып отыр. Соның салдарынан көптеген науқас медициналық көмекке жүгінбей көз жұмады.
Жағдайды «Бундибугио» деп аталатын сирек штаммның таралуы қиындатып отыр. Оған қарсы вакцина да, емдейтін дәрі де жоқ.
Індетпен күресу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оксфорд университеті, Үндістанның Сарысу институты және америкалық Moderna компаниясы әзірлеген екі препаратты клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берді. Конгода басталған індет төрт елге тарады. Қазан айының соңғы онкүндігінде Кенияда Эболадан екінші адам қайтыс болды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61