ДАМУ
Олардың жалпы қарызы 373 млрд теңгеге жеткен. Қазір тағы 23 195 адамның банкроттық рәсімі жүріп жатыр.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, банкроттықтың екі рәсімі бойынша 98,6 мың қазақстандық банкрот деп танылған. Олардың берешегі жалпы 373 млрд теңгені құрайды.
Қазір 23 195 азаматқа қатысты банкроттық рәсімі жүргізілуде. Бұл азаматтардың жиынтық қарызы — 134,5 млрд теңге.
Жеке тұлғалар соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсіміне жүгіне алады. Бұдан бөлек, қарызды арнайы жоспармен өтеуге мүмкіндік беретін төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімі бар: ол аяқталған соң азамат банкрот мәртебесін алмайды. Банкрот деп танылғандарға бес жыл бойы жаңа несие мен микрокредит алуға шектеу қойылады, қайта банкроттыққа жеті жылдан кейін ғана өтініш беруге болады. Олардың қаржылық жағдайы үш жыл бойы бақылауда болады. Алимент және кейбір басқа берешек түрлері есептен шығарылмайды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61