ҚОҒАМ

Бас прокуратура жалған сәлемдеме хабарламалары туралы ескертті

Қазақстандықтарға «Қазпошта» атынан сәлемдеме жеткізілетіні туралы жалған хабарламалар жіберіліп жатыр. Бас прокуратура күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Алаяқтар хабарламада жеткізу мекенжайын нақтылау үшін сілтемеге өтіп, мәліметтерді толтыруды сұрайды. Бас прокуратураның мәліметінше, мұндай хабарламалар 2026 жылғы 9 қарашадан бастап +212 6 12 82 15 27 нөмірінен тіркелген, алайда басқа нөмірлерден де келуі мүмкін.

Сілтеме пошта қызметінің ресми сервисіне ұқсатып жасалған жалған сайтқа апарады. Онда пайдаланушылардың тұрғылықты мекенжайы мен өзге де құпия деректерін жинауы мүмкін. Хабарламалар мемлекеттік тілде, ресми іскерлік үлгіде жазылып, шынайы көрінуі ықтимал.

Ведомство күмәнді сілтемелерді ашпауға және белгісіз сайттарға жеке не банк деректерін енгізбеуге кеңес берді. Сәлемдеме туралы ақпаратты пошта қызметтерінің ресми арналары арқылы тексеру қажет.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61