ӘЛЕМ

ХВҚ жасанды интеллектке салынған инвестиция ақталмаса не болатынын айтты

Халықаралық валюта қоры жасанды интеллект саласына құйылған қомақты қаржы күткендей нәтиже бермесе, бұл жаһандық экономикаға кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті. Мұның салдары Қазақстанға да тиюі ықтимал.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

ХВҚ-ның Таяу Шығыс және Орталық Азия департаменті директорының орынбасары Роберто Кардареллидің айтуынша, әлемдік нарықтардың жасанды интеллекттің даму мүмкіндігіне тым оптимистік көзқарасы тәуекел тудырады. Қазір жаһандық экономиканың тұрақтылығы осы салаға салынып жатқан ауқымды инвестицияларға тәуелді.

«Егер жасанды интеллектке салынған триллиондық инвестициялардың бәрі ақталмаса, бұл жаһандық экономика үшін үлкен шығын болады», — деді Кардарелли.

Оның сөзінше, Қазақстан Жапония мен Оңтүстік Корея сияқты елдерге қарағанда әлемдік экономикамен азырақ кіріктірілген. Дегенмен жасанды интеллект нарығының құлдырауы елге де әсер етіп, әлемдік мұнай бағасына қысымды күшейтуі мүмкін. Жаһандық қаржы жағдайының өзгеруі мен мұнай құнының төмендеуі де қауіп қатарында, ал мұнай қымбаттаса, Қазақстан қосымша табысқа ие болады.

ХВҚ аймақтағы экономикалық ахуалға Таяу Шығыстағы оқиғалардың өрбуі және Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың ықтимал реттелуі де ықпал етуі мүмкін екенін айтты. Кардарелли тәуекелдердің оң жағы да барын атап өтті: реформалар жалғасып, жасанды интеллект мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және экономикалық көрсеткіштерді нақты уақыт режимінде өлшеуге көбірек қолданылуы мүмкін.

Сәуірде премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет Қазақстан экономикасының даму барысын болжау үшін жасанды интеллектіні пайдалануды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61