Жарнама

Алматы – Бішкек тасжолы: Апаттан 9 адам қаза тапты

Алматы облысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы – Бішкек тасжолында Lada және Toyota Camry көліктері соқтығысып, 9 адам көз жұмды, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының мәліметіне сәйкес, қаза болғандардың арасында 3 әйел бар. Олар Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары.

Алдын ала болжам бойынша, Lada жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Toyota Camry көлігіне соқтығысқан. Салдарынан 9 адам көз жұмды.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабының 4-бөлігіне сәйкес (көлікті басқару кезінде  абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар аталған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалды.

Егер адамның жол апатына кінәсі дәлелденсе, ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ күдікті 7 жылға дейін белгілі бір қызметті атқару немесе басқа да қызмет түрлерімен айналысу құқығынан айырылады.

Тергеу жұмыстары облыстық полиция департаментінің бақылауында. 

sputniknews.kz