Bugin
Алматыда «Әділет» партиясының мәслихат депутаттығына кандидаттары хайуанаттар бағының еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, мекеменің даму мүмкіндіктері мен келушілер үшін тартымдылығын арттыру мәселелері сөз болды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Кездесуге партия кандидаттары, Медеу аудандық сайлауалды штабының мүшелері және хайуанаттар бағының қызметкерлері қатысты.
Жиында қалалық инфрақұрылымды жетілдіру, қоғамдық демалыс орындарының әлеуетін арттыру және қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау жөніндегі бастамалар айтылды. Сондай-ақ хайуанаттар бағының мәдени және туристік маңызына назар аударылды.
Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп мекеменің инфрақұрылымын жаңарту, қызмет көрсету сапасын жақсарту және келушілер санын көбейту қажеттігін атап өтті.
Оның айтуынша, хайуанаттар бағының жұмысын жетілдіруде осы сала мамандарының тәжірибесі мен ұсыныстарын ескеру маңызды.
Өз кезегінде мекеме қызметкерлері хайуанаттар бағының алдағы дамуына қатысты пікірлерін білдіріп, оның мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ұжым өкілдері өздерін толғандырған мәселелерді көтеруге мүмкіндік алды.
Материал «Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында әзірленген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61