ДАМУ
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов биыл теңгені қолдаған жағдайларды түсіндірді. Оның айтуынша, экспорттың негізгі бағыттарындағы сауда шарттары қолайлы болған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Астана қаласында өткен ХВҚ-ның Кавказ және Орталық Азия бойынша өңірлік экономикалық шолуының таныстырылымында журналистер теңгенің нығаю үрдісі қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін және әлемдік мұнай бағасының төмендеуі туралы болжамдарды ескере отырып, келесі жылы теңгеден не күтуге болатынын сұрады. Баймағамбетов Ұлттық банк ұлттық валюта бағамына болжам жасамайтынын айтты.
Оның сөзінше, биыл Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары — мұнай, металдар, уран және астық бойынша сауда шарттары қолайлы болды. Алтын да маңызды бағыттардың бірі: ол тікелей экспортталмаса да, монетарлық бейтараптық қағидатына сай алтын бойынша операциялар айнадай көрсетіліп, түсім ішкі валюта нарығына түседі. Бұған қоса, компаниялардың шетел валютасымен қарыз алуы импортты қаржыландыру үшін валюта сатып алу қажеттілігін ішінара азайтқан.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61