САЯСАТ
Мемлекет басшылары ұйымның 2026 жылғы қызметінің нәтижелерін бағалап, алдағы жұмыс бағыттарын талқылады. Отырыс қорытындысында декларация қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Мәскеудегі жиынға Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыков қатысты.
Қатысушылар ұйым аясындағы ынтымақтастықтың негізгі қырларын қарастырып, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Тоқаев Ресейдің биылғы төрағалығын нәтижелі деп бағалап, қабылдауы үшін Путинге алғыс айтты.
Сөзінде Қазақстан президенті халықаралық терроризмге қарсы күресте, есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қоюда және жасанды интеллект технологияларының ықпалы артып отырған жағдайда ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуда күш біріктіру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Эмомали Рахмонды ҰҚШҰ-ға алдағы төрағалығымен құттықтады.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданып, қатысушылардың ортақ мүдделері негізінде ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға арналған бірқатар құжатқа қол қойылды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61