Bugin

Министр А. Қырықбаев PARAQTA онлайн кітапханасының жұмысымен танысты

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев PARAQTA онлайн кітапханасының негізін қалаушылармен кездесіп, платформаның жұмысымен танысты. Кездесуде министр платформаны заңды кітаптармен толықтыруға және оқырмандарға арналған офлайн іс-шараларды өткізуге қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Платформа негізін қалаушылардың бірі Ердәулет Құралдың әлеуметтік желідегі жазбасына қарағанда, министр PARAQTA туралы жарияланымды көргеннен кейін жобаны әзірлеушілерді кездесуге шақырған.

Кездесу барысында Арман Қырықбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқитын ұлт қалыптастыру бастамасына ерекше мән беріліп отырғанын атап өтіп, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан. Министр жастар арасында кітап оқуға қызығушылықты арттыру үшін қандай қолдау қажет екенін де сұраған.

Жоба авторларының айтуынша, министр платформаны заңды кітаптармен толықтыруға көмектесуге әзір екенін жеткізген. Сондай-ақ кітап оқуға қызығушылықты арттыру үшін офлайн кездесулер мен бірлескен іс-шаралар өткізуге болатын орын қарастыруға уәде берген.

Қазір PARAQTA платформасында авторлық құқық мерзімі аяқталып, қоғамдық игілікке өткен 150-ге жуық кітап тегін қолжетімді. Оқырмандар платформа қорын жаңа кітаптармен толықтыруды сұрап келеді.

Жоба бір жыл екі айдан бері әзірленіп келеді. Сайт ретінде алты ай бұрын ашылған, ал мобильді қосымшасы App Store дүкенінде екі апта бұрын пайда болған. Құрастырушылардың мәліметінше, платформаға 15 186 оқырман тіркелген, онда 1,2 миллион бет оқылған. Оқырмандар 10 738 кітапты соңына дейін оқып шыққан.

PARAQTA оқырманға кітапты бастап қана қоймай, соңына дейін оқуға көмектесуге бағытталған. Платформа қағаз кітап оқуды да есепке алады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61