ӘЛЕМ

Әлемдік нарықта Brent, WTI және Urals мұнайы арзандады

12 қараша күні таңертең үш маркалы мұнайдың бағасы төмендеді. Сарапшылар мұны қақтығыстарды бейбіт реттеу жөніндегі келіссөздерде ілгерілеу болуы мүмкін деген үмітпен байланыстырады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Brent мұнайының қаңтар айындағы фьючерстері 0,76 долларға немесе 0,82 пайызға арзандап, барреліне 92 доллар болды. WTI бағасы 0,68 долларға (0,79 пайыз) төмендеп, барреліне 85,85 долларды құрады.

Ресейлік Urals мұнайының құны 0,80 долларға немесе 1,10 пайызға түсіп, барреліне 72,16 долларға жетті. Сарапшылар бағаның төмендеуін Таяу Шығыстағы, сондай-ақ Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу келіссөздерінде ілгерілеу болуы мүмкін деген үмітпен байланыстырады.

11 қарашада Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ өкілдерінің екі күндік үшжақты келіссөзі аяқталды. Оның негізгі практикалық нәтижесі — тараптардың ауқымды әскери тұтқындар алмасу жөнінде алдын ала келісімге келуі. АҚШ өкілі Джаред Кушнер Мәскеу мен Киев арасындағы сенімсіздік келіссөздерге кедергі келтіріп отырғанын айтты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61