ҚОҒАМ
«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталғаны белгілі болды. Ол бұл қызметке 2023 жылдың сәуірінде тағайындалған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Нұрлан Жақыпов 1978 жылғы 31 наурызда дүниеге келген. 2001 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірген. Экономика магистрі және экономика ғылымдарының кандидаты.
Ол еңбек жолында қаржы және инвестициялық банкинг салаларында жұмыс істеген. 2009-2011 жылдары «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ басқарушы директоры әрі басқарма мүшесі болды. 2016-2017 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма мүшесі қызметін атқарды.
2017-2019 жылдары «Астана» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы, ал 2020-2023 жылдары Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd басқарма төрағасы болды. 2023 жылғы сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61